"Арман" шағын орталығы
24 ақпан күні "Арман"шағын орталығының педагог-психолог маманы "Айгөлек","Василёк"топтарында дәстүрден тыс сурет салу технологиясын қолдана отырып (жіппен сурет салу,ниткография) "Қошақанға тон кигіземіз"тақырыбында балалармен сурет салды.
Ұйымдастырылған іс-әрекет балалардың шығарм ашылық талғамын шыңдап,дәстүрден тыс сурет салуға қызығушылықтарын арттырып,ұсақ қол моторикасын дамытады.
Балалар ұйымдастырылған іс-әрекетке асқан қызығушылықпен қатысты.
2025жылдың 3 наурыз күні "Арман"шағын орталығында "Айгөлек" және "Василёк" топтарында "Өрт қауіпсіздігі"тақырыбында "Қоршаған әлеммен таныстыру" ұйымдастырылған іс-әрекеті өткізілді.
Мақсаты:балаларға өрт туралы түсінік беру,өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастыру,қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру,өз өмірлері үшін жауапты екенін ұғындыру.
07.03.25ж "Ақан-Барақ орта мектебі"КММ жанындағы"Арман"шағын" орталығы "Айгөлек" тобында "Аяулы анашым" атты ертеңгілік өткізілді.

7 наурыз күні "Ақан- Барақ" ҚММ жанындағы «Арман» шағын орталығында "Василёк» тобында 8 наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік өткізді.
Біздің 8 наурыз мерекеміз шынымен сиқырлы болды! Аналар мен балалар бірге билеп, ойнап, ән айтып, бір-біріне жылы сәттер сыйлады.
Осы тамаша күн үшін барлығыңызға рахмет!
11 наурыз күні «Арман» шағын орталығында «Василёк» тобында «Көктем келді!» тақырыбында сабақ өтті.
Мақсаты: Балалардың жыл мезгілін тану, атау, көктемнің белгілерін анықтау дағдыларын дамыту.
Мақсаты: балалардың көктемде табиғатта қандай өзгерістер болатыны туралы түсініктерін кеңейту.
"Өнегелі 15 минут" жобасы аясында 2 сынып оқушысы Авилова Елизавета анасымен бірге тоқаш дайындайды. Мұндай бірлескен іс-әрекет көп пайда әкеледі: шыдамдылық пен зейінді дамыту; салауатты тамақтану әдеттерін қалыптастыру; шығармашылық қабілеттерін дамыту; тәуелсіздікті дамыту. Сондай-ақ, тамақ пісіру кезінде бала сұрақтар қояды, анасының түсіндірмелерін тыңдайды және өз ойларын тұжырымдауды үйренеді. Ең бастысы, бұл, әрине, отбасылық байланыстарды нығайту, бұл өмір бойы есте қалатын қуаныш, жылу және махаббат!
14наурыз"Арман"шағын орталығы, "Айгөлек"тобының тәрбиешісі А.А.Таймышева "Қоршаған әлеммен таныстыру"ұйымдастырылған іс-әрекетін кіріктірілген әдіспен өткізді (қоршаған әлеммен танысу, көркем әдебиет,сөйлеуді дамыту,шығармашылық)
Тақырыбы:"Ағаштарды бақылау".
Мақсаты:балалардың ағаштардың құрылымы туралы ұғымдарын жетілдіру;
ағаштардың бүршік атқанын байқату;
зейінін,ойлау қабілеттерін дамытып,сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;шығармашылық қиялдарын ұштап,сурет салуға,мүсіндеуге қызығушылықтарын арттыру.
Міндеттері:балаларды көктем мезгілінде ағаштың өзгеру ерекшеліктерімен таныстыру,дүниетанымын кеңейтіп,табиғатты сүйе білуге баулу.
«Арман» шағын орталығының маңызды міндеті – балалардың денсаулығын нығайту және сақтау. Күнделікті ұйқыдан кейін медбике балалармен гимнастика жасайды.
Жақсы гимнастикадан кейін балалардың ұйқышылдық және әлсіздік сезімі жойылып, ақыл-ой және физикалық белсенділік артады. Дене жаттығуларының көмегімен көңіл-күй мен бұлшықет тонусын көтереді, денені нығайтады.
14 наурыз күні «Арман» шағын орталығында және мектепалды даярлық сыныбында мектеп ұжымына «Сәлемдесу» шарасы ұйымдастырылды. Балалар барлық мұғалімдер мен мектеп ұжымын Наурыз мейрамының басталуымен құттықтады! Мектеп жасына дейінгі балалар «Құшақтау» ойынын ойнап, барлығына тыныштық пен денсаулық тіледі!
«Арман» шағын орталығы мен мектепалды даярлық сыныбында «Сен менің досымсың, мен сенің досыңмын, шеңберге тұрыңдар, балалар!» атты сабақ өтті. Мақсаты: мейірімділік пен тату көршілік сезімдерін тәрбиелеу. Балалар «Досыңа гүл сыйла», «Ханталапай», «Шығармашылық асық» т.б ойындар ойнады. Кіріктірілген музыка сабағының соңында мектеп жасына дейінгі балалар достық биін биледі.
«Арман» шағын орталығы мен мектепалды даярлық сыныбында «Біздің мақтанышымыз» атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Туған жердің мәдениетіне, өнеріне, ұлттық құндылықтарына деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу. Сабақ мектеп мұражайында, этно бұрышта өтті. Мұғалімдер киіз үйдің безендірілуі, көшпелі қазақ халықтарының өмір тарихы туралы әңгімеледі.
17наурыз күні "Арман"шағын орталығында "Наурыз. мейрамы -2025". және Наурызнама онкүндігі жоспарына сәйкес "Шаңырақ" тақырыбында отбасылық сурет көрмесі өтті.
Мақсаты: балабақшада отбасылық құндылықтарды насихаттау.
"Наурыз мейрамы-2025"бағдарламасы аясында "Арман" шағын орталығында және мектепалды сыныбында "Бірге-бүкіл отбасымен!»
Мақсаты: отбасылық құндылықтарды насихаттау.
Балалар ата-аналарымен бірге аспаздық шеберлікті, жабық гүлдерге күтім жасауды, қолөнерді үйренді.
19наурыз "Наурызнама"онкүндігі аясында "Арман"шағын орталығында "Менің Отаным"атты сурет көрмесі өтті.
Мақсаты:балаларды елін,жерін,туған ауылын сүюге тәрбиелеу.
20наурыз "Арман "шағын орталығында "Армысың-әз Наурыз"атты мерекелік ертеңгілік өтті.
Наурыз көпұлтты еліміздің бірігіп тойлайтын -достық,бірлік,ынтымақтастық мейрамы.Ұлыстың ұлы күні! Көктем мерекесі!
Ертеңгілікті "Үкілі Кәмшат " байқауының қатысушылары -ұлттық киім мен әшекей бұйымдар сән үлгісін көрсеткен "Айгөлек" және "Василёк"топтарының кішкентай ханшайымдары ашты.
Наурыз мерекесінің қонақтары ,ертегі кейіпкерлері шық бермес Шығайбаймен Алдар көсе балаларға Наурыз көженің жеті тағамнан пісірілу тәсілін көрсетіп, олармен ұлттық ойындар ойнады" Аударыспан" "Арқан тарту" "Қол күресу".
Балалардың мерекеге дайындаған,өлең,билерін тамашалап ,кнелгенг Наурыз мейрамымен құттықтады.
Мерекелік іс-шара қызықты әрі көтеріңкі көңіл-күймен өз мәресіне жетті.
11.04.25ж "ғарышкерлер күні"
атты тақырыппен "Арман" шағын орталығының "Айгөлек"тобының тәрбиешісі Кайржанова С.К балабақша тәрбиеленушілермен тәрбие сағатын ұйымдастырды.




Мақсаты: тәрбиеленушілердің ғарыш туралы түсініктерін кеңейту;



17сәуір күні "Арман"шағын орталығының "Айгөлек"тобында2024-2025оқу жылының оқу-тәрбие жоспарына сәйкес тәрбиеші А.А.Таймышева Қоршаған әлеммен танысу "Сиқырлы судың қасиеті"тақырыбында зерттеуге негізделген,кіріктірілген ашық ұйымдастырылған іс-әрекет өткізді.
Мақсаты: балалардың бойында зерттеуге,қарапайым тәжірибе жасауға деген қызығушылықтарын ояту,танымдық,зияткерлік және коммуникативтік дағдыларын дамыту.

Бастауыш сыныптар онкүндігі мен мектепке дейінгі кезең аясында 17 сәуірде "Арман" шағын орталығында сабақтардың ашық көрсетілімдері өтті.
"Көктем келді" - "жүгері гүлі" аға тобында сыртқы әлеммен танысу сабағы өтті.
Балалар сабақтың барлық кезеңдерінде қуана жұмыс істеді

18 сәуір күні «Арман» шағын орталығында медбике Мурзахметова Г.Б. балалармен «Алманың сиқырлы қасиеттері» тақырыбында доктор Айболит мектебін өткізді.
Мақсаты: балалардың алманың қасиеттері мен витаминдік құрамы туралы түсініктерін дамыту.
Мақсаты: балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Жалпы балалардың білуге құштарлығын белсендіру

30 сәуірде «Арман» шағын орталығында және мектепалды даярлық сыныбында «Достық дөңгелек биі» фестивалі өтті. Әр ұлттың киімін киген бүлдіршіндермен бірге би билеп, халық ойындарын ойнап, балалар мен ересектер бір шаңырақ астында көңіл көтерді.
Мерекенің мақсаты: мәдени мұраның негіздерін қалыптастыру және адамдарды Қазақстан халықтарының мәдениетімен таныстыру.
.jpg?1747627141570)