Кітап оқитын ұлт
PLAN26-27g Жыл жоспары 26-27ж
«Адал азамат» тәрбие жоспарын іске асыру аясында мектеп кітапханасында оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға, кітапқа деген қызығушылығын арттыруға және әртүрлі ақпарат көздерімен өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын дамытуға бағытталған «Мен кітаппен әлемді ашамын» атты кітапхана сабағы өткізілді.
Сабақ «Кітап оқитын ұлт» идеясын насихаттау және «12 ай – 12 кітап» жобасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды.
Мақсаты: оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамыту, кітаппен және басқа да білім көздерімен тиімді әрі өз бетінше жұмыс істеуге үйрету, тұрақты оқу дағдысын қалыптастыру және кітап оқуға қызығушылығын арттыру.
«Тіл – ұлттың рухани қазынасы»
5 қыркүйек - Қазақстан халқының Тілдер күніне орай мектеп кітапханасында «Тіл – ұлттың рухани қазынасы» кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты - оқушылардың тілге деген құрметін арттыру, ана тілін қадірлеуге тәрбилеу, өзге тілдерді үйренуге қызығушылығын ояту және еліміздегі тілдер достастығы мен бірлігін насихаттау.
2 қыркүйек 2026 ж. Мектеп кітапханасында "Оқитын ұлт" бұрышы безендірілген.
Мақсаты: " Оқитын ұлт" республикалық жобасына қызығушылық танытып қатысуға тарту.
Жоспарға сәйкес қазанның 5 күні қарттар күніне орай мектеп кітапханасында «Адал азамат» жобасы аясында «Атадан қалған асыл сөз» атты тағылымды іс-шара өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жеткен мақал-мәтелдері мен даналық сөздерінің мәнін түсіндіру, үлкенді сыйлауға, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.
Кездесу барысында оқушылар интеллектуалдық викторинаға қатысып, қазақ халқының тарихы, салт-дәстүрі мен рухани мұрасы туралы білімдерін сынады. Сонымен қатар мақал-мәтелдер айтып, даналық сөздер мен ұлағатты ойларды ортаға салды. Әрбір айтылған нақыл сөздің тәрбиелік мәніне тоқталып, оның қазіргі өмірдегі маңызы туралы пікір алмасты.
«Әжелер ертегісі»
Мектеп кітапханасында Қарттар күніне орай оқушылардың әжелерімен жылы әрі әсерлі кездесуі өтті.
Іс-шара «Әжелер ертегісі» тақырыбында ұйымдастырылып, кітапқа, ауыз әдебиетіне және отбасылық дәстүрлерге деген сүйіспеншілік арқылы әртүрлі ұрпақтарды біріктіруге тамаша мүмкіндік болды.
Әжелер балаларға өз естеліктерін айтып, сүйікті халық ертегілерін оқып, әңгімелеп берді. Оқушылар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан даналықты қызығушылықпен тыңдап, әңгімеге белсене қатысып, өз әсерлерімен бөлісті.
Кездесуде «Ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбына ерекше назар аударылды. Үлкендерді құрметтеу, отбасылық құндылықтарды, дәстүрлер мен халықтың мәдени мұрасын сақтау мәселелері сөз болды.
Осындай кездесулер балаларды мейірімділікке, үлкендерді құрметтеуге, алғыс айтуға және жақындарына деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді. Олар ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтып, аға буынның даналығы өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесінің маңызды бөлігі екенін түсінуге көмектеседі.
Іс-шара «Адал азамат» тәрбие бағдарламасы аясында өткізіліп, оқушылардың бойында адамгершілік құндылықтарды, аға буынға деген құрметті, жауапкершілік пен патриоттық сезімді қалыптастыруға бағытталды.