«Қыран елім – Қазақстаным» атты шығармашылық жұмыстар көрмесі ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасы күніне арналған жоспарға сәйкес, «Қыран елім – Қазақстаным» атты шығармашылық жұмыстар көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Көрмеге қатысушылар өздерінің ерекше туындыларын ұсынып, шығармашылық шеберліктері мен қиялдарын көрсетті. Әрбір жұмыс Отанға деген сүйіспеншілік пен Қазақстанның жарқын болашағына деген сенімді бейнеледі.

Дата публикации: 20.10.2026