“Ертегілер елінде” тақырыбында сыныптан тыс ісшара
ҚММ Ақан - Барақ орта мектебінде ағылышн тілі пәнінің мұғалімі Тайжанова Асма Әбілқасымқызы ағылшын тілі және тарих пәндері онкүндігінің бағдарламасына сәйкес 2025 жылдың 29-ыншы қаңтарында “Ертегілер елінде” (In the World of Tales) тақырыбында сыныптан тыс ісшара өткізді. Ісшараға 4-6 сынып оқушылары қатыстырылды. Сыныптан тыс ісшараның мақсаты: оқушылардың сөздік қорын күшейту, өзге тілде сөйлеуге үйрету, қиялын, логикалық қабілетін, танымын дамыту. Зейінін, ақыл-ой белсенділігін арттырып, әрбір ертегіден тәрбиелік ой түюге үйрету.
Оқушылар ісшарада қойылған викториналық сұрақтарға, қызықты ойындарға белсенді араласып, ағылшын тілінде ертегілерден үзінділер оқып, оның қай ертегі екенін тапты. Ісшарада оқушылар ағылшын тілінде ертегілер, бейнероликтер көрді. Кабинет көрнекіліктермен, шарлармен безендірілді.
Дата публикации: 29.01.2025