Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиада осымен төртінші жыл қатарынан өткізіліп келеді.
Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиада осымен төртінші жыл қатарынан өткізіліп келеді. Оның маңызы жекелеген пәндер бойынша үздіктерді анықтаумен ғана шектелмейді. Ауыл балалары үшін бұл — қабілеттерін ашуға, білімдерін сынауға және өздерін танытуға мүмкіндік, ал педагогтер үшін — еңбектерінің нәтижесін көріп, жаңа мақсаттар белгілеуге жол.
Мектебіміздің 9-сынып оқушысы Қайрұш Нұрайды «Құқық негіздері» пәні бойынша олимпиаданың облыстық кезеңінде жүлдегер атанып, III дәрежелі дипломмен марапатталуымен мақтанышпен құттықтаймыз! Марапаттау рәсімі 13 қарашада Солтүстік Қазақстан облысындағы дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі «Қызылжар дарыны» өңірлік орталығында өтті.
Бұл жетістіктің артында еңбекқорлық, табандылық және білімге деген құштарлық жатыр. Оқушыны дайындап, қолдау көрсеткен ұстазы Калкенов Нурлан Муратовичке алғыс білдіреміз.
Нұрайға шабыт, өз күшіне сенімділік, толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!
912037483_2447409609362782_5900917253466109888_n
 
Дата публикации: 19.11.2026