23 қазанда мектебімізде Қазақстан Республикасының Республика күніне арналған мерекелік іс-шара
23 қазанда мектебімізде Қазақстан Республикасының Республика күніне арналған мерекелік іс-шара өтті!
Мереке барысында оқушылар ән айтып, ұлттық және заманауи билерді орындап, домбыраның күмбірлеген үнін әуелетті. Жас өнерпаздар өз таланттарын көрсетіп, Отанға деген сүйіспеншіліктерін білдірді.
Мерекенің ерекше сәті — 2 және 5-сынып оқушыларын «Жас қыран» және «Жас ұлан» ұйымдарының қатарына салтанатты түрде қабылдау рәсімі болды. Бұл — жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, жауапкершілік пен туған елге деген құрметті қалыптастыратын маңызды қадам.
Еліміз өркендеп, әр шаңырақта бейбітшілік, бақыт пен береке орнасын!
857481073_2418596818910728_1054703617640939734_n
Дата публикации: 23.10.2026