Шектеудегі қате

Бүгін 9 ақпан күні мектебімізде «Екі тілді меңгер, болашағыңды жарқын ет» атты қазақ тілі мен әдебиеті және орыс тілі мен әдебиеті апталығының салтанатты ашылуы өтті. Апталықтың негізгі мақсаты – оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыру, көптілділік мәдениетін қалыптастыру, қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеруге ынталандыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Қазақ тілі және орыс тілі пәні мұғалімдері апталыққа ерекше дайындықпен келіп, әсерлі бағдарламаларымен көпшіліктің көңілінен шықты. Ашылу барысында оқушыларға апталықтың жоспары кеңінен таныстырылып, әр іс-шараға белсенді қатысуға шақырылды. Сонымен қатар апталық аясында қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына және орыс әдебиетінің белгілі сатиригі Михаил Салтыков-Щедриннің 100 жылдығына арналған тағылымды іс-шаралар ұйымдастырылатыны атап өтілді. Бұл мерейтойлық даталар – оқушыларды әдеби мұрамен тереңірек таныстырып, көркем сөздің құдіретін сезіндіруге үлкен мүмкіндік. Бұл апталық – білім мен бәсекеге қабілеттіліктің, достық пен ынтымақтастықтың мерекесі. Тіл үйрену арқылы оқушылардың ой-өрісі кеңейіп, болашаққа деген сенімі нығая түсетіні анық. Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!

https://www.facebook.com/share/v/1Cwgenf4Lf/ 

Дата публикации: 09.02.2026