«МИФ» әдістемелік онкүндігі аясында 5-сыныпта математика пәнінен «Аралас сандарды азайту», ашық сабақ.
2026 жылғы 19 қараша
«МИФ» әдістемелік онкүндігі аясында 5-сыныпта математика пәнінен «Аралас сандарды азайту» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты – оқушыларға аралас сандарды азайтуды үйрету және есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың басында оқушыларға проблемалық жағдаят туғызатын мәтіндік есеп ұсынылды. Сабақ барысында оқушылар түрлі тапсырмаларды орындап, өз білімдері мен дағдыларын көрсетті. Әрбір дұрыс жауап үшін фишкалар беріліп, оқушылардың белсенділігі бағаланды.
Сабақ соңында бастапқыда қойылған проблемалық есептің шешімі табылып, сабақ мақсатына қол жеткізілді.

Дата публикации: 19.11.2026