«Күн сайын қозғалыс» — денсаулық пен белсенді өмір салтына бастар жол!
«Күн сайын қозғалыс» — денсаулық пен белсенді өмір салтына бастар жол!
21 қазанда «Ақан-Барақ орта мектебі» КММ-де дене шынықтыру мұғалімдері «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектеп» (ШСУЗ) жобасы аясында «Күн сайын қозғалыс» атты іс-шара өткізді.
 Іс-шараның басты мақсаты — оқушылардың дене белсенділігіне деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және өз денсаулығына саналы көзқарасын қалыптастыру.
Іс-шара барысында оқушылар түрлі дене жаттығуларын орындап, белсенділік танытты, жағымды эмоцияларға бөленді. Сонымен қатар қозғалыстың денсаулық пен көтеріңкі көңіл күйдің маңызды бөлігі екеніне көз жеткізді.
 Қозғалыс — өмір, денсаулық және көтеріңкі көңіл күй кепілі! Күн сайын бірге қозғалайық!
 
857341195_2415796645857412_8959726665364907903_n
Дата публикации: 21.10.2026