МИФ онкүндігі аясында 5–6 сынып оқушылары арасында «Миға шабуыл» атты сыныптан тыс іс-шара
МИФ (математика, информатика, физика) онкүндігі аясында
2026 жылғы 18 қарашада МИФ онкүндігі аясында 5–6 сынып оқушылары арасында «Миға шабуыл» атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар екі топқа бөлінді. Олар қызықты сұрақтарға жауап беріп, логикалық тапсырмаларды орындап, өздерінің тапқырлықтары мен білімдерін көрсетті. Әрбір дұрыс жауап үшін топтар фишкалар жинады. Жиналған фишкалар бойынша жеңімпаз топ анықталды.
Оқушылар өз білімдерін, зеректіктерін, жылдам ойлау қабілеттерін және топпен жұмыс істеу дағдыларын көрсете білді.
Іс-шара соңында барлық қатысушыларға белсенділіктері мен ынталары үшін тәтті сыйлықтар табысталды.
Іс-шара достық әрі көтеріңкі көңіл күйде өтіп, оқушыларға қуанышты сәттер мен жағымды әсер сыйлады!
Математика — тек есеп шығару емес, ол ойлау, талдау және тың шешім таба білу өнері!
912014798_2446406309463112_7026923853098904542_n
 
Дата публикации: 18.11.2026