Күдікті зат табылған кездегі нысан персоналының іс-әрекеті
Күдікті зат табылған кездегі нысан персоналының іс-әрекеті
«Ақан-Барақ орта мектебі» КММ-де күдікті зат табылған жағдайда мектеп персоналының іс-әрекеттерін пысықтау бойынша іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында мектеп қызметкерлері осындай жағдай туындаған кездегі іс-әрекет алгоритмімен, жауапты тұлғалар мен шұғыл қызметтерге хабарлау тәртібімен, сондай-ақ білім алушылар мен мекеме қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларымен танысты.
Күдікті зат табылған жағдайда сабыр сақтауға, затқа қол тигізбеуге, оны орнынан қозғамауға және табылғаны туралы мектеп әкімшілігіне әрі тиісті қызметтерге дереу хабарлауға ерекше назар аударылды.
Іс-шараның мақсаты — персоналдың төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттерге дайындығын арттыру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және білім беру ұйымының терроризмге қарсы қорғалу деңгейін қамтамасыз ету.
Балалар мен мектеп қызметкерлерінің қауіпсіздігі — біздің ортақ басымдығымыз!
855970166_2415779009192509_2478655357636298139_n
Дата публикации: 21.10.2026