Мектепке жол " акциясы
"Мектепке жол"дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы жалғасуда.
Акцияның мақсаты-аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан білім алушыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде материалдық және өзге де көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу.
Біздің әрқайсымыз халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта аламыз, оның Мектепке жолы ең жақсы және бақытты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара аламыз!
Барлықтарыңызды акцияның белсенді қатысушысы болуға шақырамыз!
Біз ауылымыздың барлық азаматтарына, бизнесмендерге, кәсіпкерлерге, меценаттарға акцияға қосылу және өмірлік қиын жағдайда отбасылар мен балаларға көмек көрсетуге қомақты үлес қосу туралы ұсынысымызды білдіреміз.
Акцияға қосылғысы келетіндердің барлығын телефон арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз: 8(71534) 2 - 28 - 79
Егер сізде мектепті тастап кеткен, оқымайтын, қайыр сұрайтын, зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалар туралы ақпарат болса, сенім телефонына хабарлауыңызды сұраймыз: 8(71534) 2 - 28 - 79