Шектеудегі қате

Президент педагогтердің құқықтық қорғалуын күшейтуге және білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған заңға қол қойды
▫️Заңға қабылданған түзетулер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 15 тамызда өткен Тамыз конференциясында берген тапсырмаларын орындау аясында әзірленді. Түзетулер педагогтердің құқықтық қорғалуын күшейтуге, оларды кәсіби қызметіне тән емес міндеттерге тартуға жол бермеуге, әкімшілік жүктемені азайтуға және білім беру саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған.
▫️Жаңа нормаларға сәйкес, педагогтердің, мектеп және басқа да білім беру ұйымдары басшыларының білім алушылар үшін жауапкершілігі тек олардың кәсіби міндеттерін орындау уақытымен, яғни оқу процесі кезеңімен ғана шектеледі. Сондай-ақ баланың денсаулығы, өмірі мен қауіпсіздігі үшін ата-аналардың жауапкершілігі нақтыланады.
▫️Заң білім беру саласындағы заңнамада көзделмеген кез келген есептер мен мәліметтерді педагогтерден талап етуге тыйым салады. Бұдан бөлек, құжаттаманы бір мезгілде қағаз және электронды форматта жүргізу міндетін жүктегені үшін әкімшілік жауапкершілік енгізіледі.
▫️Түзетулердің бөлек бір блогы мектептерде ұялы байланыс абоненттік құрылғыларын пайдалануды реттеуге қатысты. Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ұялы байланыс абоненттік құрылғыларын пайдалану қағидаларын бекіту өкілеттігін алады.
▫️Интеллектуалдық меншікке құрмет мәдениетін қалыптастыруға және білім сапасын арттыруға бағытталған академиялық адалдық ұғымы енгізіледі.
▫️Сонымен қатар, әкімдіктер Оқу-ағарту министрлігі айқындайтын тізбе бойынша жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарына, спорттық жарыстарға және республикалық және (немесе) халықаралық деңгейдегі кәсіби шеберлік конкурстарына өңірлік жеңімпаздардың қатысуын қамтамасыз етуге міндетті.
▫️WorldSkills деңгейіндегі халықаралық кәсіби шеберлік конкурстарының жеңімпаздарына ҰБТ тапсырмай-ақ бейінді білім беру бағдарламалары бойынша университеттерге түсу мүмкіндігі беріледі.
▫️Сондай-ақ психологиялық-педагогикалық қолдауды қажет ететін балаларды қолдау шаралары кеңейтіледі. Жекелеген нормалар шетелдік жоғары оқу орындары филиалдарының қызметін реттейді және медициналық кадрларды даярлауды жетілдіруге бағытталған.

Дата публикации: 13.06.2026