Қамқоршылық кеңестің жаңа құрамын сайлау туралы хабарландыру

Қамқоршылық кеңестің жаңа құрамын сайлау туралы хабарландыру

«Ақан-Барақ орта мектебі» КММ әкімшілігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген (2023 жылғы 1 наурыздағы № 56 бұйрықпен енгізілген өзгерістерді ескере отырып) «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына» сәйкес, 2026–2027 оқу жылына арналған жаңа Қамқоршылық кеңесті сайлау туралы хабарлайды. Білім беру сапасын қамтамасыз етуге және мекеменің материалдық-техникалық базасын дамытуға жәрдемдесу мақсатында Кеңес құрамына қатысты ұсыныстар қабылданады. Біз жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының, ата-аналар қауымдастығының, коммерциялық емес ұйымдардың, жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестердің өкілдерін шақырамыз. Қызығушылық танытқан тараптар Кеңес құрамына қатысты ұсыныстарын akanbarak79@mail.ru электрондық поштасына жібере алады немесе 8 (715 43) 2 28 79 телефоны арқылы хабарласа алады.
Қамқоршылық кеңес келіп түскен ұсыныстар мен үміткерлердің жазбаша келісімі негізінде қалыптастырылады.
Білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесі:

1) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтарының сақталуына, сондай-ақ білім беру мекемесіне түскен қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;
2) білім беру ұйымының жарғысына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
3) білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдар әзірлейді;
4) жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан азаматтарының отбасыларына орналастыру шараларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
5) білім беру ұйымына қайырымдылық көмек ретінде түскен қаржы қаражатын бөлуге қатысады және оларды мақсатты жұмсау туралы шешімдер қабылдайды;
6) білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру кезінде ұсыныстар әзірлейді; 7) Қамқоршылық кеңес анықтаған білім беру ұйымының қызметіндегі кемшіліктерді жою жөнінде тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім беру саласына жауапты жергілікті атқарушы органға ұсыныстар енгізеді;
8) орта білім беру ұйымының басшысы лауазымына үміткерлермен әңгімелесу негізінде ресми шешім қарайды және шығарады; 9) білім беру ұйымы басшысының оның қызметі, соның ішінде көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасы, қайырымдылық көмекті пайдалану және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан азаматтарының отбасыларына орналастыру бойынша қабылданған шаралар туралы есептерін қарайды;
10) білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты конференцияларға, жиналыстар мен семинарларға қатысады;
11) білім беру ұйымының қызметімен және ондағы білім алушылар мен балаларға жасалған жағдайлармен танысады, сондай-ақ олармен білім беру ұйымының психологының қатысуымен әңгімелесулер жүргізеді;

Білім беру ұйымының қызметкерлері (құрылымдық бөлімшелері) Қамқоршылық кеңесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпарат беруде жәрдем көрсетеді.

Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің өкілеттік мерзімі – үш жыл.

Ұсыныстар хабарландыру жарияланғаннан кейінгі 10 жұмыс күні ішінде – 2026 жылғы 14 қыркүйектен 25 қыркүйек дейін қабылданады.

Дата публикации: 14.09.2026