Ашық есік күні. Петропавл қ. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті .
Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында 11-сынып оқушылары Петропавл қаласында М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде өткен Ашық есік күніне, сондай-ақ медициналық колледжге барды.
Іс-шара барысында білім алушылар оқуға түсу шарттарымен, білім беру бағдарламаларымен және оқу ерекшеліктерімен танысып, оқу орындарының өкілдеріне өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.
Осындай кездесулер болашақ мамандық пен білім беру бағытын саналы таңдауға ықпал етеді.


Дата публикации: 03.04.2026