ROBOTIMES
"ROBOTIMES" спорттық робототехника бойынша облыстық жарысы өтті.
Робототехника-ғылым мен техника жасанды интеллектпен жанасатын ғылыми-техникалық прогрестің маңызды бағыттарының бірі. Бүгінгі таңда робототехника қазіргі білім беруде маңызды және өзекті бола түсуде және Қазақстанның білім беру мекемелерінің жұмысындағы ең перспективалы бағыттардың біріне айналуда. 2023 жылдың 27 қазанында СҚО, Петропавл қаласындағы Оқушылар сарайында робототехниканы танымал ету, конструкторлық қызметті, ақпараттық мәдениетті және техникалық шығармашылықты дамыту мақсатында "ROBOTIMES"спорттық робототехникасы бойынша облыстық жарыс өтті. Мектебіміздің атынан 8 сынып оқушылар Верешагин Артем және Галицкий Родион қатысты. Сертификатпен марапатталды. 
 
Дата публикации: 13.11.2023